Саят Медеуов сапасыз ән жазатын авторларды жазалауды ұсынды

Саят Медеуов сапасыз ән жазатын авторларды жазалауды ұсынды

Саят Медеуов сапасыз ән жазатын авторларды жазалауды ұсынды
ашық дереккөзі
Әнші Саят Медеуовтің қазіргі эстрадада орындалып жүрген әндердің көбіне көңілі толмайды. Оның айтуынша, әндерді тыңдармандардың назарына ұсынбас бұрын, оны сәйкесінше сүзгіден өткізу қажет. Өнер иесі мәнсіз-мағынасыз ән жазғандарға айыппұл салу, тіпті, оларды қамауға алу секілді жазалау тәсілдерін қолдану қажеттігін айтады, деп хабарлады turkystan.kz kaz.nur.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы Саят Медеуов «Алматы» телеарнасына берген сұхбатында айтты. Ол өнердің, оның ішінде әншілердің бүгінгі беталысы туралы сөз қозғап, кейбір әндердің сапасына қынжылыс білдірді.
«Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқтың кері болып тұр. Әніне тиіспей ақ қояйын, бірақ сөзге мән беретін халықпыз ғой. Соңғы кездері мән-мағынасы жоқ әндер көбейіп кетті. «YouTube»-қа шығып кетеді, оларды қадағалай алмаймыз дейді ғой. Бірақ, шын мәнінде қадағалауға, шек қоюға болады. Егер менің бір әнім нашар шыққан болса, ал мемлекеттегі әдебиет саласында отырғандар оны екінші рет айтсаң, айыппұл саламыз деп талап қойса немесе 20 күнге қамаласың десе, мен ол әнді екінші мәрте айтпас едім. Әнге де сондай сүзгі қойылу керек. Түкке тұрмайтын сөзі, боқауызы бар әндер бар. Бұндай әндерді кез келген жерде айта беруге болмайды. Бұған жол беру арқылы біз бүлдіршіндерге теріс тәрбие беріп жатырмыз деп ойлаймын. Мәдениет саласында үлкен сүзгі керек, елек керек, таяқ керек. Қамаумен немесе айыппұл төлету арқылы жөнге салу керек шығар», - деді ол.