Қазақстандық WBC чемпионы енді WBO титулы үшін айқасады

Қазақстандық WBC чемпионы енді WBO титулы үшін айқасады

Қазақстандық WBC чемпионы енді WBO титулы үшін айқасады
ашық дереккөзі
«Adal Promotions» промоутерлік компаниясы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (15-0, 8 КО) келесі жекпе-жегін жариялады, деп жазды turkystan.kz. Белгілі болғандай, Мейірім Нұрсұлтанов 2022 жылдың 15 қаңтарында рингке оралып, ресейлік боксшы Андрей Сироткинмен (19-1-1, 7 КО) қолғап түйістіреді. Ақтауда өтетін бокс кешінде олар орта салмақта бос тұрған WBO International титулын сарапқа салады. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Отандасымыз соңғы жекпе-жегін қараша айында өткізген. Бұл жекпе-жекте ол төрешілердің шешімімен Дмитрий Атроховты (16-12, 7 КО) жеңген болатын. Сонымен қатар, қазақстандықтың WBC (USNBC) белбеуіне ие екендігін айта кеткен жөн. Андрей Сироткинге келер болсақ, ол соңғы рет рингке сәуір айында шыққан. WBO Еуропа чемпионы атағы үшін британдық Дэнни Дигнуммен (13-0-1, 7 КО) болған жекпе-жегі тең аяқталды.