2021 жылы Қазақстан «Gallup International» тәуелсіз зерттеу агенттіктері халықаралық қауымдастығы жүргізген жаһандық сауалнама қорытындысы бойынша, бақыт индексі ең жоғары әлемдегі бес елдің қатарына енді, деп хабарлады turkystan.kz finanz.ru-ға сілтеме жасап. Бақыт индексі, бұл - бақытты және бақытсыз адамдар арасындағы айырмашылық. Gallup International зерттеуі әлемнің 44 елінде жүргізілген. Оған 41 560 адам қатысқан. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, бақыт индексінің ең жоғарғы көрсеткіші Колумбияда (+79), Қазақстанда (+76), Албанияда (+74), Малайзияда (+73) және Әзербайжанда (+70) тіркелген. Ал бақыт индексінің ең төменгі көрсеткіші Ганада (+2), Ауғанстанда (+9), Гонконгта (+11), Иракта (+17) және Ресейде (+18) тіркелген. Сонымен бірге, АҚШ, Ұлыбритания және Германия орташа әлемдік деңгейден сәл төмен, бірақ Ресейдегіден екі есе дерлік жоғары нәтижелер көрсеткен. «Бақыт деңгейі табыс деңгейімен тікелей байланысты емес», - дейді Gallup International вице-президенті Андрей Милехин.
Жүктелуде...