Сирияның Африн ауылында мина жарылып, бес бала ауыр жарақат алды, деп хабарлады turkystan.kz. Зардап шеккендер аудандағы дала ауруханаларына жеткізілген. Сирияның адам құқықтарын бақылау орталығы (SOHR) халықаралық ұйымдарды елдегі жарылмаған оқ-дәрілерді жою бойынша жұмыстарды күшейтуге шақырды. «Укринформ» агенттігінің хабарлауынша, 2021 жылы Сириядағы қақтығыс салдарынан 3746 адам қаза тапқан. Оның 360-ы - балалар. Айта кетейік, 2011 жылдан бері Сириядағы 21 миллион халықтың 13 миллионы үйлерін тастап кеткен. Оның 7 миллионға жуығы елден көшкен. Қазір 3,7 миллион сириялық Түркияда, қалғаны Ливия, Иордания, Ирак және Еуропа елдерінде тұрады.
Жүктелуде...