Рим папасы некені сақтап қалуға көмектесетін үш сөзді атады

Рим папасы некені сақтап қалуға көмектесетін үш сөзді атады

Рим папасы некені сақтап қалуға көмектесетін үш сөзді атады
ашық дереккөзі
Рим папасы Франциск (Хо́рхе Ма́рио Берго́льо) некедегі жұптарға үндеу жасап, отбасыны сақтауға мүмкіндік беретін маңызды сөздерді атады, деп жазды turkystan.kz «Metro» басылымына сілтеме жасап. Рим Папасы Жаңа жыл қарсаңындағы хатында COVID-19 дағдарысы отбасыларды уақытты көбірек бірге өткізуге мәжбүр еткенін, бұл өз кезегінде жанұядағы жанжалдың шиеленісуіне әкеп соққанын жазған. Осы орайда, Рим-Католик шіркеуінің басшысы әлемдегі ерлі-зайыптыларды бір-біріне зор шыдамдылықпен қарауға шақырды. Сондай-ақ, ол отбасылық қарым-қатынасты сақтауға көмектесетін негізгі үш сөзді атады. Ол – «рақмет, өтінемін және кешір».