Алматы облысында шет ел азаматы ұрланды

Алматы облысында шет ел азаматы ұрланды

Алматы облысында шет ел азаматы ұрланды
ашық дереккөзі
Алматы облысының полиция қызметкерлері жанар-жағармай құю бекетінде табылған жазба арқылы шет ел азаматын құтқарып қалды, деп хабарлады turkystan.kz Алматы облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Желтоқсан айының 23-інен 24-іне қараған түні Алматы облысы Полиция департаментінің бақылау бөліміне жанар-жағармай құю бекеттерінен белгісіз біреу өзін ұрлап бара жатқанын және құтқару туралы жазылған хабарлама келіп түскен. Облыс аумағында ұстау жоспары енгізілді.
«Жарты сағат ішінде Алматы облысы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция батальонының «Борт-25» экипажы - құрамында аға инспектор, полиция майоры А.Тюлюказов және полицияның аға лейтенанты А. Жанабеков Алматы - Бішкек автожолының 76-шақырымында, Самсы ауылының маңында 35 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан Honda Elysion автокөлігін тоқтатты», - деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаменті.
Көлік құжатын тексеру барысында көлікте 5 ер адам болған, біреуі жанармай құю бекетінде құтқару туралы жазба қалдырған 43 жастағы Өзбекстан азаматы екені анықталды.
«Бұл тұлғалардың барлығы Жамбыл облысының ІІБ-не жеткізілді, жәбірленуші күдіктілерге шара қолдану туралы жазбаша арыз берді. Аумақтық материал Жамбыл облыстық ІІД-не беріледі, - деді Алматы облыстық Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Ерлан Мұхамедияров.