Бекшин қызметінен кетті: Орнына кім келгені белгілі болды

Бекшин қызметінен кетті: Орнына кім келгені белгілі болды

Бекшин қызметінен кетті: Орнына кім келгені белгілі болды
ашық дереккөзі
Бүгін Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қызметінен кетті, деп хабарлады turkystan.kz. Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері, әрі қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болған Жандарбек Бекшин келесі жылдың 5 қаңтарынан бастап зейнетке шығады.
«Менің келісімшартымның мерзімі аяқталды. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес зейнеткерлерге жұмысты бір жылға ұзартуға болады. Мен бұған дейін келісімшартты бір рет ұзартқандықтан, екінші рет болмайды. Қаңтардан бастап жұмыстан кетемін», - деді ол.
Аталған жаңалыққа байланысты Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті BAQ.KZ сайтына түсінік берген:
«Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің бұйрығына сәйкес Жандарбек Бекшин 27 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында демалысқа шығады. Бұл аралықта басшылық міндетін атқару Қарлығаш Әбдіжаппароваға жүктелді», - деді департаменттегілер.
Естеріңізде болса, Жандабек Бекшин «Жаңа жылда сельд под шубы салатын аздап жеу керек» деген еді. Айта кетейік, ол Алматы қаласы бас санитар дәрігері міндетін 2020 жылдың 18 сәуірінен бері атқарып келген.