«Наконец-то»: Бекшин жаңа жылда лауазымын босатады

«Наконец-то»: Бекшин жаңа жылда лауазымын босатады

«Наконец-то»: Бекшин жаңа жылда лауазымын босатады
ашық дереккөзі
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері және ҚР ДСМ КСК Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин зейнетке шығуына байланысты лауазымын босатады, деп хабарлады turkystan.kz orda.kz-ке сілтеме жасап. Жандарбек Бекшин 27 желтоқсаннан бастап демалыста және 2022 жылдың 5 қаңтарында қызметінен кетеді.
«Менде келісімшарт аяқталды. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес зейнеткерлерге жұмысты бір жылға ұзартуға болады. Ал маған екінші рет ұзартылды. Бұл мүмкін емес. Мен қаңтарда кетемін», – деді Жандарбек Бекшин.
Енді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері және Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қызметін Қарлығаш Әбдіжапбарова атқарады (ол қазір Алматы қалалық ССК орынбасары). Еске сала кетсек, Жандарбек Бекшин Алматының бас санитарлық дәрігері болып 2020 жылдың 18 сәуірінен бастап жұмыс істеді.