СҚО: Бұзақы зейнеткердің 19 миллион теңгесін тартып алған

СҚО: Бұзақы зейнеткердің 19 миллион теңгесін тартып алған

СҚО: Бұзақы зейнеткердің 19 миллион теңгесін тартып алған
ашық дереккөзі
Белгісіз біреу 73 жастағы зейнеткерден ішінде қомақты қаржысы бар сөмкесін тартып алған. Бұл оқиға Солнечный ауылындағы Тенистой көшесінің бойында орын алған. Тәртіп сақшылары бұзақыны іздестіріп жатыр, деп жазды turkystan.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жәбірленуші қылмыскердің бет-әлпетін есіне түсіре алмаған. Бірақ бойы шамамен 170 сантиметр болғанын және беліне дейін күртеше кигенін айтқан.
«Бұл дерек ҚК-нің 191-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы «Тонау» бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазір күдіктіні анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Криминалдық полиция бөлімшелерінің тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын алты топ құрылды. Сондай-ақ, учаскелік инспекторлар мен патрульдік полиция жасақтары да жұмылдырылды. Оқиға болған аудан аулаларын аралау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді ведомство өкілі.
Полиция қызметкерлері қылмыс туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан бөлімшеге хабарлауды сұрайды.