Еден жуушы әйелді әңгімеге тартып, телефонын ұрлап кетті

Еден жуушы әйелді әңгімеге тартып, телефонын ұрлап кетті

Еден жуушы әйелді әңгімеге тартып, телефонын ұрлап кетті
ашық дереккөзі
Ер адам кафеге келіп, еден жуушы әйелдің ұялы телефонын ұрлап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде елорданың 35 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу барысында анықталғанындай, күдікті түскі уақытта кафеге келеді. Онда тазалаушы әйелдің ұялы телефонын үстелдің үстіне қойып, өзі еден жуып жатқанын көреді де жымқырып кетуді ұйғарады. Кетіп бара жатып қызды әңгімеге тартып, назарын басқа жаққа аударған ол құны 60 000 теңге тұратын «Самсунг А50» маркалы ұялы телефонын ұрлап, шығып кетеді. Аталған ұрлық фактісі нысанның бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұсталған ер адам кінәсін толық мойындаған және ұрланған ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ұсталған азаматтың осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.