«Жангелдиннің атында аудан болуы - әруаққа қиянат» - депутат

«Жангелдиннің атында аудан болуы - әруаққа қиянат» - депутат

«Жангелдиннің атында аудан болуы - әруаққа қиянат» - депутат
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына аудан атауын беруді сұрап, Үкіметке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, Қостанай облысындағы Жангелдин ауданы «ұлтын сатқан сатқынның» атында тұр. Сол себепті, ол ауданның атын Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлына беру керек деген ұсыныс білдірді.
«Қостанай облысының әкімдігі Жангелдин ауданы орталығынан 100 шақырымдай жердегі, шамамен 100-дей отбасы тұратын Ахаң туған ауылға ғалымның атын бердік дейді. Ауыл түгіл, облысқа берсе де лайықты болатын ұлт ұстазының аты шалғайдағы жолсыз ауылмен ғана шектеліп қалмауы тиіс. Алаш көсемі Ахаңдардың армандап, айқасқан «Тәуелсіз қазақ елінің» заманы келгеніне 30 жыл толды. Ендеше, Алаш көсемдері Ахмет пен Міржақыптың туған ауданының аты әлі күнге дейін қызыл большевик, кезінде ұлты мен дінін сатып, Николай Степнов болған Жангелдиннің атында болуы - елге де, ерге де, ең алдымен әруаққа қиянат. Ауданның аты 150 жылдығын әлем атап өткелі отырған Ахмет Байтұрсынұлының атында болуы керек!» - деді Қазыбек Иса.
Айта кетсек, қазіргі Жангелдин ауданы 1950 жылға дейін Торғай ауданы атанған. Орталығы - Торғай ауылы. 2019 жылғы санақ бойынша 12 251 тұрғыны бар.