Бақытгүл Хаменованың неліктен қайта қамауға алынғаны белгілі болды

Бақытгүл Хаменованың неліктен қайта қамауға алынғаны белгілі болды

Бақытгүл Хаменованың неліктен қайта қамауға алынғаны белгілі болды
ашық дереккөзі
Атырау облыстық соты Бақытгүл Хаменованың неліктен тергеу изоляторына орналастырылғанына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады turkystan.kz. 22 желтоқсанда Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы прокурордың өтініші бойынша Хаменованы үй қамауына алу туралы қаулысының күші жойылды. Нәтижесінде облыс әкімінің орынбасары екі айға қамауға алынды.
«Сот алқасы Хаменованың санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деп күдіктенгенін назарға алған. Басшылық қызметте отырғаны және осы өңірде ықпалды әрі әлеуметтік байланыстары болғандықтан, ол процеске қатысушыларға және істі объективті тергеп-тексеруге қысым көрсетуі мүмкін», - деді Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.
12 желтоқсанда Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғаны белгілі болды. Ол Атырау қаласында Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша Мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны үшін пара алды деген күдікке ілінді. Еске сала кетейік, Хаменова әкім орынбасары лауазымына 2020 жылдың наурыз айында тағайындалған болатын.