«Дінтану» оқулығы ортақол еңбек болмауы керек

«Дінтану» оқулығы ортақол еңбек болмауы керек

«Дінтану» оқулығы ортақол еңбек болмауы керек
ашық дереккөзі

Таяуда облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында «Облыс аума­ғын­дағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық тәртіп бұзу­шы­лықтың алдын алу шаралары» мәселесі қаралды. Әрине, бұл мәселе кімді бол­сын толғандырады.

Балалар мен жастар тәрбиесі күн тәртібінен ешқашан түспеу керек. Қазақ атамыз «Не ексең соны орасың» деп бекер айтпаған. Жергілікті поли­ция қызметкерлерінің мәлімдемесіне сенсек, облыс көлемінде балалар мен жа­сөспірімдер арасында қылмыс көлемі жыл өткен сайын төмендеп келеді. Бірақ байқап жүр­геніміздей, жастар арасында діни ағымға бет бұрғандар аз емес. Жұма күндері ме­шітке қарай ағылған топ-топ жастарды көріп, кейде еріксіз ойға кетесің. Кейбір мә­ліметтер бойынша, бүгіндері мешітке келетін жамағаттың 60-70 пайызы жастар екен. Олардың арасында әлі кәмелет жа­сына жет­пегендер де бар. Ой тара­зысына сал­сақ, бұл – коммунистік дер­жава­дан еге­мен­дік алып, тәуелсіздікке қол жет­кізіп, өз тілі­мізді, өз дінімізді, өз ділі­мізді қайта қа­лыптастыра баста­ға­нымыз­дың нәтижесі. Хал­қымыздың басым көп­шілігі имандылық жо­лына түсіп, ауылдар мен қалаларда ме­шіттер бой көтеріп, діни білімді көтеру мақ­сатын­да діни универ­си­тет пен колледждер, мед­реселер ашылды. Діни жоғары білім ала­мын деген жастар Түр­кия, Араб, Египет жә­не де басқа мем­лекеттердің жоғары оқу ор­нына барып, сауаттарын жетілдіріп қайт­ты. Егемендік­тің алғашқы жылдарында абай­сызда дін­нің басқа ағымдарына ілесіп кеткен жас­тар, әртүрлі радикалды діни секталарға еніп кетіп, ел ішіне іріткі салғандары да есімізде. Тіпті, әр өңірде бірнеше террор­лық ұйым ұйымдастырып, елді дүрбелеңге салғаны да белгілі. Теріс пиғылды біреулердің ар­бауына түскен, өзге жұрттан «бақытын» іздеген, қияли рақат дүниеге сенген біраз жас­тарымыз қантөгіске бөгіп жатқан Сирия, Ауғанстан сияқты елдерге қо­ныс аударып, бала-шағасын, отбасы мен жақындарын қиын жағдайға ұрындырып, өздерін «Құдай жолында» шейіт еткендер жайлы мәліметтер аз емес. Әлі де сол үрдіс, өкінішке қарай бірен-саран болса да орын алуда. Сол ойсыз, пә­туа­сыз фанат жан­дар­ды, олардың бере­кесіздікке, қиындыққа ұрынған отбасын көз алдыңа келтіріп, жаның ашиды, жүрегің сыздайды. Әрине, еліміздің басшылары өз аза­маттарын әркез қорғап, қамқорлық көр­сетіп отыр. Толқынды толқын қуады, ойдан ой туады... Әлгі мешітке барып жүрген жас­тардың ой-өрісі, түйсігі қандай? Ол дін­нің қандай ағымында жүр? Жан-жа­ғын­да­ғылар қандай уағыз айтып жүр? Шын­ды­ғын­да, көпшілік оған онша мән бере бермейді. Әке-шешесі «менің ұлым (немесе қызым) имандылық жолына түсті, ораза ұстап, ме­шіт­ке барып жүр» деп балаларына сырттай риза болып жүргендерді жиі кездестіруге бо­ла­ды. Кейбір кезде дін жолында жүрген ба­ла­сы мен әке-шешесі арасында қайшы­лық­тар пайда болатынын көріп жүрміз. Ислам дiнi – әлемдегi ең таза дiн екенi жай­лы аз жазылып жүрген жоқ. Бас­қа дiн­дермен салыстырғанда, адам бойына ру­хани нәр құятын, тәрбие беретiн, тазалық­қа, имандылыққа, жақсылыққа, игi iске же­те­лейтiн ислам дiнi екен. Сондықтан ислам дi­нiн мойындап, оған бас иетiн, мойынсұна­тын жандар саны басқаларға қарағанда неғұрлым басым көрiнедi. Дiн дегенiмiз – адамды имандылыққа баулу, жақсылыққа шақыру, өмiрдi жақсы көру, сүйiспеншiлiкке, бауырмал­дыққа тәр­биелеу. Қазiр елiмiздiң дiни қыз­меткерлерi арасында медреседен дәрiс алып, оқу орын­дары мен ислам-дiни университеттерiн тә­мам­даған, терең, жан-жақты бiлiмдi, сауатты имам­дар баршылық. Бiрақ дiн жолына «жол­дан қосылған» кейбiр шаласауатты жандар қары­мы мен түйсiгi жетпей жатып, ел арасы­на түсiн­беушiлiкпен iрiткi салып, терiс жолға түсi­рiп жүргенi де өмiрдегi шындық. Өткен жүзжылдықтың 90-жылдары Кеңес заманы ыдырап, тәуелсiздiк­тiң қоңыр самалы ескен шақта, қазақтың белгiлi аза­маты, академик-жазушы Қалтай Мұ­­хамед­жа­нов: «Бұрынғы кезде барлығы­мыздың жауы­мыз Қызыл империя едi. Бәрi содан қор­­қатын. Ал келешектегi қауiп ендi дiн жа­ғы­нан болады. Дiннiң әртүрлi бағыт­тары iшi­мiзге дендеп ене беретiн болса, түбiнде қазақ бiр-бiрiмен жауласады» деген екен. Фанатизм деген өте қауіпті жазыл­мас дерт екенін өткен ғасырдағы ұлттық фа­­­натизм дертімен ауырған фа­шистік Гер­ма­нияның тағдыры анық көр­сетіп берген еді. Жал­пы, нәсілдік, ұлттық немесе діни фана­тизм бола ма, қайсысы да оңып тұрған жоқ. Олардың бәріне ортақ қасиет – бізден артық ешкім жоқ, басқа­ларын таптап езу, құрту ке­рек деген астам­шылық пиғылдың болуы. Діни фанатизмге іліккен жандардың бойын­да психо­логиялық жағынан өзгешіліктер бола­ды. Мысал үшiн алысқа бармай-ақ, әр елде кездесіп жатқан террорлық қайғылы оқи­ғаларды еске алайық. Осыдан он шақты жыл бұрын Тараз қаласында діни-фана­тизмді бойына әбден сіңірген жігіт террор­лық әре­кет жасап, оны тоқтатпақ болған полиция капитаны Ғазиз Байтасов ерлік­пен қаза тапқаны есімізде. Соңғы кезде орта мектеп бағдарла­ма­сына «Дiнтану» пәнi енгiзiлгенi, баз бiр мектептерде оны бастап кеткенi жайлы хабар­дармыз. Айтушылардың сөзiне сенсек, бiр-екi «Дiнтану» оқулықтары баспадан шы­ғыпты. Олардың авторлары белгiлi ғалымдар мен дiни қызметкерлер көрiнедi. Әлгi оқу­лықтармен танысқандар, оқулықтардың төмен деңгейде жазыл­ғанын айтып жүр. На­шар оқулықпен дiни танымдылықты дұрыс ұқпаған, сауатын шала ашқан жет­кiн­шек ертең өмiрде тегiс жерде сүрiнiп, кiбiр­тiктеп, қателiк жiберерi де түсiнiктi. Сон­дық­тан «Дiнтану» оқу­лы­ғын сауатты, дiни бiлiмi мен танымы мол, тәжiрибелi ғалымдар мен дiни қыз­мет­керлер бiрiгiп жазғаны орынды. Ресми ақпараттардың мәлiмдеуiнше, Қазақстан бұл күндерi дiни экспан­сия алаңына айналған секiлдi. Бiзде қазiр қандай дiни ағым жоқ? Олардан аяқ алып жүре ал­май­сыз. Христиан миссионерлерi, шоқын­дыру­шы-үгiтшiлер (олардың басым көпшiлiгi АҚШ-тан арнайы жолдамамен жiберiлген) ортамызға батыл енiп, ел ар­а­сына рухани ыдырау туғызып, мис­сио­нерлiк әрекет жа­сауда. Олар арнайы пси­хологиялық дайын­дықтан өтiп, тиiстi ақпаратпен, мәлi­мет­термен жарақтан­дырылғандар (осындай миссионерлiк шiркеулердiң саны елiмiзде 20-дан асып жығылады). Көпшiлiк ортаға енiп, олар жер­гiлiктi халықты (қазақтарды) хрис­тиан­дыққа кiргiзу бағытында аянбай тер төгуде. Кейде олар ризашылықпен жеке адам­дардың басындағы проблемаларын шешiп те бередi. Тiптi, қажет болса мате­риал­дық көмек беруге дайын. Мысалы, қар­жыдан қиналып жүрген студенттерге қосымша шәкiртақы, жұмыссыз жүрген­дерге жәрдемақы төлейдi. Осын­дай әрекет­тердiң арқасында миссио­нерлер ой-сана­мызды улап, өз iс-әрекеттерiне қол жет­кiзуде. Иә, бүгiнде өз дiнiнен безiп, басқа дiннiң құрсауына түсiп жатқандар аз емес. Бүкiл отбасы болып басқа дiнге кiрiп, со­лар­дың сойылын соғып, көрiгiн басып жүргендер ортамызда аз ба? Жүректе үрей туғызған бүгiнгi күннiң ащы шындығы – осы. Расын айтқан жөн, көптеген имам көп­­ші­лік бас қосқан сәтте (жаназа­да, ас­тар­да, Құдайы тамақтарда) жұмақ пен тозақ, о дүние, кәпірлік жайлы сөз қозғай­ды. Олар­ды тыңдап отырсаңыз, барлық қиын­дық, ауыртпалық, бақытсыздық мына дүниеде, о дүние жайнап тұрған жұмақ ретінде сурет­те­леді. Оларды тыңдаған жастар, жасөспірім­дер мына ауыртпалығы мол беймаза өмірден түңіліп, тезірек о дүниеге – жұмаққа аттанып кеткенді жөн санайды. Содан өздеріне қол салып, өмірмен қоштасып кете барады. Ортамызда суицидтің азаймай тұрғанының (әлем елдері арасында үшінші орын алуы­мыздың) бір себебі осы емес пе екен? Ойла­натын жайт... «Жақсылық та, жамандық та – Құдай­дан. Бiрақ жақсы болу, жаман болу – адам­ның өзiнен» дейдi данышпан Абай. Бұл сөз дiни фанатизмге шалдыққан, қате ағым­дардың жетегiмен құрбандық болуға дайын ойсыз жандарға айтылған сөз сияқты. Дiни наным­ның байыбына бар­май, оны өзiне қарсы қою барып тұрған қатыгездiк емес пе? Сөз соңында айтарымыз, иманды­лық­тан қашпайық, оны орынды, ақылмен қа­былдап, соқыр дiни фанатизмнен iргемiздi аулақ ұстайық, ағайын!

Сағындық ОРДАБЕКОВ, медицина ғылымдарының докторы, профессор, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі

Тараз қаласы