Атырауда бюджеттің 1 миллиард теңгесі тиімсіз жұмсалған

Атырауда бюджеттің 1 миллиард теңгесі тиімсіз жұмсалған

Атырауда бюджеттің 1 миллиард теңгесі тиімсіз жұмсалған
ашық дереккөзі
Мәдениет саласында жүргізілген аудиторлық тексеріс барысында заңбұзушылықтар анықталды. Белгілі болғандай, облыстық Мәдениет басқармасына бағынышты 15 мекеме бюджеттен бөлінген 1 миллиард теңгеден астам қаражатты мақсатты пайдаланбаған, деп жазды turkystan.kz. Комиссия өкілдерінің айтуынша, 903 миллион теңге нормадан артық, ал 370 миллион теңге тиімсіз жұмсалған. Атап айтқанда, екі жыл бұрын облыстық филармония 130 миллион теңгеге 20 мың кітап сатып алған. Сонымен қатар, әр көшірме нақты құнынан екі есеге қымбатқа түскен. Сондай-ақ, түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастыру шығыстары да заңсыз деп танылып отыр. Ал бұл шараларға 860 миллион теңге бағытталған екен. Тексеру комиссиясының мүшесі Нұрбол Қонысов жалпы сатып алу бағасы асыра сілтенгенін және бюджет кодексі жүйелі түрде бұзылғанын айтады.
«Тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы шарттарда, сондай-ақ жыл басында бекітілген жоспарларда көрсетілген сомаларда елеулі айырмашылықтар бар. Осындай қателіктерге жол берілуінің салдарынан 2019 жылы Атырау облысының әкімдігі 152 миллион теңгені тиімсіз пайдаланған», – деді Нұрбол Қонысов.