Бұқаралық ақпарат құралдарында құдалықта болған оқиға ретінде таралған егде жастағы адамдардың бұл әрекеті әлеуметтік желідегі жұрттың ермегіне айналды, деп жазды turkystan.kz. Youtubе-тегі KYN.KZ арнасында жарияланған егде жастағы ер адам мен әйел кісінің көптің алдында құшақтасып, сүйісуін әлеуметтік желідегі қолданушылар түсінбей әлек. Сондықтан болар, кадрдағы көріністі сан-саққа жүгіртуде. Видеоны жариялаған желі қолданушысы оғаш қылыққа қатысты құда мен құдағи арасында жасалатын ырым деп түсінік қалдырған.
Жүктелуде...