Азиядағы коронавирус инфекциясы тіркелмеген ел

Азиядағы коронавирус инфекциясы тіркелмеген ел

Азиядағы коронавирус инфекциясы тіркелмеген ел
ашық дереккөзі
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов елде бірде-бір коронавирус инфекциясы тіркелмегенін айтып, алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы ТАСС агенттігі Түркіменстан мемлекеттік TDH ақпарат агенттігіне сілтеме жасап жазған.
«Біз Түркіменстанда коронавирус инфекциясы анықталмағанын анық айта аламыз. Бұл індет адамдар мен тауарларды мемлекеттік шекарадан өткізу арқылы таралады», - деді Түркіменстан басшысы.
Бұл жайлы ол сейсенбі күні Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасының орынбасары мен кеден және көші-қон қызметтері басшыларының қатысуымен өткен кеңесте мәлімдеген. Түркіменстан посткеңестік кеңістікте ресми түрде коронавирус инфекциясының бірде-бір жағдайы тіркелмеген жалғыз мемлекет болып қала береді. Пандемия басталғаннан бері республика билігі елге кіруге және халықаралық әуе қатынасына қатаң шектеулер қойып, бетперде режимін енгізді. Шілде айының басында елде 18 жастан асқан барлық тұрғындар үшін COVID-19-ға қарсы міндетті вакцинациялау науқаны басталды. Елде Sputnik V және Epivakkorona вакциналары, сонымен қатар қытайлық CoronaVac препараты қолданылды.