Қанат Ислам чемпиондық титулынан айырылды

Қанат Ислам чемпиондық титулынан айырылды

Қанат Ислам чемпиондық титулынан айырылды
ашық дереккөзі
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) енді орта салмақтағы «WBO International» белбеуінің иесі емес, деп жазды turkystan.kz. BoxRec.com сайтының хабарлауынша, белбеу қазір бос. Қанат Ислам 2019 жылдың қазан айында Алматыда намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) жеңген соң «WBO International» титулына ие болған болатын. Содан кейін Қанат бір ғана жекпе-жек өткізді. Атап айтқанда, биылғы жылдың ақпан айында Майамиде эквадорлық Джейсон Минданы (14-5-1, 8 КО) нокаутқа түсірді. Бірақ бұл жекпе-жекте Дүниежүзілік бокс ұйымының тұжырымы бойынша «халықаралық» титул бәске тігілген жоқ. Қанат Ислам келесі жекпе-жегін 21 қаңтарда АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Сити қаласында өткізеді деп күтілуде. Қарсыластың есімі кейінірек белгілі болады.