«Коронавирустың бесінші толқыны басталды» – Олаф Шольц

«Коронавирустың бесінші толқыны басталды» – Олаф Шольц

«Коронавирустың бесінші толқыны басталды» – Олаф Шольц
ашық дереккөзі
Германияда коронавирустың омикрондық штаммының таралуына байланысты індеттің бесінші толқыны басталды. Бұл туралы канцлер Олаф Шольц хабарлады, деп жазды turkystan.kz «ТАСС» агенттігіне сілтеме жасап.
«Бесінші толқын келе жатыр. Сарапшылардың пікірінше, бұл штамм агрессивті. Тіпті, екпенің екі дозасын қабылдап, ауырғандар үшін де жұқтыру қаупі жоғары», – деді Германия канцлері Олаф Шольц.
«ТАСС» агенттігінің хабарлауынша, Германияда коронавирус жұқтырған адамдардың саны аздап азайып келеді. Бұл қазіргі шаралар қажетті нәтиже беріп жатқанын көрсетеді. Осы орайда, канцлер ел тұрғындарын алдағы мерекелерге абай болуға шақырды. Сонымен қатар, Германия канцлері коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны Рождество күндерінде де сол қарқынмен жалғасады деп сендірді. Оның айтуынша, қаңтар айының соңына дейін 30 миллион адамға қосымша екпе егу жоспарланған.