Қазақ қыздарын саудалағандарға қатысты сот үкімі шықты

Қазақ қыздарын саудалағандарға қатысты сот үкімі шықты

Қазақ қыздарын саудалағандарға қатысты сот үкімі шықты
ашық дереккөзі
Шымкент қаласында 2016-2020 жылдар аралығында Қазақстан аумағында қыздарды жіберумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілері мен мүшелеріне, олардың сыбайластарына қатысты іс бойынша үкім шықты. Олар кінәлі деп танылды, деп жазды turkystan.kz. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған 150 томдық істің басты фигуранты - 36 жастағы әйел. Ол Бахрейн Корольдігіне Қазақстан аумағынан жас қыздарды жеткізіп келген. Қылмыстық топ басшысы адам саудасы бойынша төрт жылда 48 млн теңгеден астам табыс тапқан. Қазақстан, Ресей және Бахрейн азаматтары арасынан шыққан трансұлттық ұйымдасқан топтың ұйымдастырушылары мен мүшелері Шымкент қаласы мен Түркістан облысының 39 тұрғынын жыныстық құлдыққа сатқан екен. Сот үкіміне сәйкес, қылмыстық топтың басшысы Азадова 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық топтың басқа мүшелері мен сыбайластары Ахмедов, Беркін, Тұрғынов 12 жылға сотталды. Қосдәулетова мен Темірова 11,3 жылға, Цесхладзе 10 жылға, Савинский мен Мададов 6,8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Пичугин, Азадова – 1,3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот үкімімен үш сотталушы тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Еске салсақ, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы әлеуметтік осал топтарынан шыққан 16 мен 25 жас аралығындағы қыздарды тауып, өз қатарына тартумен айналысып келген.