Норвегиядағы Қазақстан елшілігінде жас жұбайлар үйленді

Норвегиядағы Қазақстан елшілігінде жас жұбайлар үйленді

Норвегиядағы Қазақстан елшілігінде жас жұбайлар үйленді
ашық дереккөзі
Қазақстан азаматтары Жанболат Сатыбалдинов пен Назерке Сапарбаева некелерін Қазақстанның Норвегиядағы елшілігінде тіркеді, деп хабарлады turkystan.kz. Жанболат ақпараттық технологиялар маманы, Назерке - Берген университетінің докторанты. Пандемиядан туындаған шектеулерге, сондай-ақ тығыз ғылыми және кәсіптік жұмыс кестесіне орай жастар некеге тұру үшін Қазақстанға келе алмаған. Сондықтан Жанболат пен Назерке Қазақстан Республикасының электронды үкіметі - egov.kz порталы арқылы Елшілікке алдын ала өтініш беріп, белгіленген күні некені тіркеген. аа Неке қию – Қазақстанның шетелдегі консулдық мекемелері көрсететін көптеген қызметтердің ішінде сирек болатын іс-шаралардың бірі. Жас жұбайларға неке куәлігін Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Еркін Ахинжанов табыстады, ал Елшілік қызметкерлері арнайы мерекелік дастархан жайды. Елшілік консулы Азамат Сәрсембаевтың айтуынша, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру еліміздің консулдық мекемелерінің жұмысын айтарлықтай жақсартқан.
«Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, неке қиюды тіркеу, туу туралы куәлікті жасау, аты-жөнін өзгерту және басқа да мемлекеттік қызметтерді алу үшін Елшілікке жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру азаматтардың өтініштерін қашықтан әрі дереу қарастыруға мүмкіндік береді, бұл өтініш берушілердің уақыты мен қаражатын айтарлықтай үнемдейді», - деді консул.