Sars-CoV-2 вирусын жасаушылар анықталғаны рас па?

Қазнетте «COVID-19 жасаушылары анықталды» деген ақпарат тарады, деп хабарлады turkystan.kz.

Таралған ақпарат Қазақстандағы жаңа биозертхананың құрылысы туралы баяндайтын жаңалықтар бейнесюжетінен үзінді екені анықталды. Шын мәнінде, бұл жаңалықтың пандемияға ешқандай қатысы жоқ және COVID-19 ауруын тудыратын Sars-CoV-2 вирусының қолдан жасалғанын дәлелдемейді.

Sars-CoV-2 вирусын жасаушылар анықталғаны рас па?
Өткен аптада БАҚ Қазақстанда қауіпті және аса қауіпті штаммдар коллекциясы үшін жаңа биозертхана мен қойма салу туралы хабарлады.

Жобаны әзірлеуші – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. Ведомство мамандарының Sars-CoV-2 вирусының пайда болуына ешқандай қатысы жоқ. Біріншіден, Министрлік вирустарды зерттеумен айналыспайды. Екіншіден, бұл патоген алғаш рет Қазақстанда емес, Қытайда табылған. Үшіншіден, SARS-CoV-2 вирусының табиғи жолмен пайда болғандығы дәлелденген, оны рецензияланған Nature журналында жарияланған ғылыми зерттеу нәтижелері растайды.

Сонымен қатар, ДДҰ мамандарының делегациясы Уханьдағы зертханада тергеу жүргізіп, вирустың пайда болуының ықтимал нұсқаларын, соның ішінде оның зертханадан сыртқа шығарылу мүмкіндігін қарастырды. Алайда, бұл теория расталмады, бұл туралы ұйымның есебінде айтылған.

Патогенді зерттеу барысында алынған басқа ғылыми деректер де оның зертханада жасалғанына негіз бола алмайды. Мұндай қорытындылар рецензияланған The Lancet ғылыми журналында және Science Direct ғылыми порталында жарияланды.

Stopfake.kz сайты биозертхананы салу жоспарлары мен SARS-CoV-2 коронавирусының арасында ешқандай байланыс жоқтығын анықтап отыр. Сондай-ақ, Қазақстанда мұндай нысанның құрылысы патогеннің қолдан жасалғандығын дәлелдемейді.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button