Алматы облысында үйлену той қайғылы оқиғамен аяқталды

Алматы облысында үйлену той қайғылы оқиғамен аяқталды

Алматы облысында үйлену той қайғылы оқиғамен аяқталды
ашық дереккөзі
Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы үйлену тойында қонақтар арасында төбелес болып, соңы бір адамның өлімімен аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz. Тәртіп сақшылары үйлену той 12 желтоқсанда Шарын ауылындағы мейрамханада өткенін мәлімдеді. Қонақтардың бірі қарсыласының кеудесіне пышақ жарақатын салған. Ол жарақат салдарынан қайтыс болды.
"Ұйғыр АПБ кезекші бөліміне түн ортасында аудандық орталық ауруханадан шақырту түскен. Дәрігерлер 26 жастағы ауыл тұрғыны жүрегіндегі пышақ жарақатынан қайтыс болғанын хабарлады. Полиция қызметкерлері кісі өліміне қатысты күдіктіні ұстады", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Күдікті тәртіп сақшыларына үйлену тойында ішімдік ішкенін айтқан. Таныстарының жанжалдасып жатқанын көріп, өзімен бірге алып жүретін жиналмалы пышағын алып, оқиға орнына барған. Қонақтардың бірі оны тоқтатуға тырысқан сәтте кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған.
"Дәлелдер табылып, заттай дәлел ретінде қылмыстық іс материалдарына қосылды. Ұсталған азамат УҰИ-ға қамалды. Бұл дерек ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді: "Адам өлтіру. Бұл жағдайда пышақ алып жүру кісі өлтіруге ықпал ететін себеп пен жағдайдың бірі болды. Азамат тез ашуланшақ әрі алкогольдің әсерінен жанжал кезінде оны ойланбай қолданды", - деп түсіндірді департамент өкілі.