Рымбаева Қонаевтың мерейтойында ән салған (ВИДЕО)

Рымбаева Қонаевтың мерейтойында ән салған (ВИДЕО)

Рымбаева Қонаевтың мерейтойында ән салған (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде 1992 жылы 12 қаңтарда өткен Дінмұхамед Қонаевтың 80 жылдық мерейтойында түсірілген бейнежазба жарияланды. Дәл сол кеште ән салған Роза Рымбаеваның видеосы көпшіліктің ықыласына бөленді, деп жазды turkystan.kz. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың тойының видеосы «Facebook»-тегі «Qonaev Қонаев» парақшасында жарияланды. Бейнежазбадан 35 жастағы Роза Рымбаеваның халық әні «Арман-айды» орындап жатқанын байқауға болады. Ескі бейнежазбадан байқағанымыздай, марқұм Дінмұхамед Қонаевтың мерейтойы ат шаптырым мейрамханада емес, қарапайым ғана үйде аталып өткен екен.