Мыңнан астам аяғы бар, көзі жоқ тіршілік иесі табылды

Мыңнан астам аяғы бар, көзі жоқ тіршілік иесі табылды

Мыңнан астам аяғы бар, көзі жоқ тіршілік иесі табылды
ашық дереккөзі
Зоологтар Аустралияда мыңнан астам аяғы бар қырықаяқты тапты. Бұл осыған дейін кездеспеген қырықаяқтың ерекше түрі екені айтылған-ды, деп жазды turkystan.kz N+1 басылымына сілтеме жасап. Ғалымдар бұл жәндікті геологиялық барлау кезінде бұрғыланған үңгірдегі 60 метр тереңдіктен тапты. Оның ұзындығы 9,5 сантиметр, ал ені 0,95 миллиметр. Жаңа түрдің басқа ерекше белгілеріне көздің болмауы, массивті антенналар және қысқа аяқтар жатады. Бұл тіршілік иесі Персефон патшалығының ежелгі грек құдайының құрметіне «Eumillipes persephone» деген атауға ие болды. Тағы бір маңызды ерекшелігі – аяқтарының саны 1306-ға дейін жетеді екен. «Eumillipes persephone» тау жыныстарының жарықтары мен қуыстарындағы жер асты өміріне тар мамандандырылған. Жаңа түрдің сипаттамасы «Scientific Reports» журналына арналған мақалада жарияланды.