«Junior Eurovision – 2021»: Қазақстан 8-орында

«Junior Eurovision – 2021»: Қазақстан 8-орында

«Junior Eurovision – 2021»: Қазақстан 8-орында
ашық дереккөзі
Франция астанасы – Париж қаласында «Junior Eurovision – 2021» халықаралық балалар байқауының жеңімпазы анықталды, деп жазды turkystan.kz. Осымен 19-рет өткізілген сайысқа бұл жолы 19 ел өкілдері қатысты. Тартысты өткен байқаудың қорытындысына сәйкес, армениялық Malena «Qami Qami» әнімен жеңімпаз атанды. Ал Қазақстанның атынан қатысқан Әлинұр Хамзин мен Бекнұр Жәнібекұлы «Ертегі әлемі» әнімен қазылардың 64 балы мен көрермен балын қосқанда жалпы 121 ұпай жинап, 8-орында қалды. Атап айтар болсақ, былтыр «Junior Eurovision» байқауында Қарақат Башанова 2-орын алған болатын.