Қазақстанда өткен тәулікте 440 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп жазды turkystan.kz коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы тәулікте коронавирус инфекциясынан 4 адам көз жұмды. 19 810 науқас емделіп жатыр (17 244+ және 2566 КВИ-). Оның ішінде 307 науқастың жағдайы ауыр, 71 науқастың жағдайы өте ауыр. 58 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Вакцинаның бірінші компонентін 8 896 942 адам, екіншісін 8 359 534 адам алды. Өңірлердегі статистика төмендегідей: Нұр-Сұлтан қаласы - 72, Алматы қаласы - 27, Ақмола облысы - 48, Ақтөбе облысы - 1, Алматы облысы - 3, Атырау облысы - 4, Шығыс Қазақстан облысы - 13, Жамбыл облысы - 5, Батыс Қазақстан облысы - 7, Қарағанды облысы - 87, Қостанай облысы - 44, Қызылорда облысы - 2, Маңғыстау облысы - 1, Павлодар облысы - 56, Солтүстік Қазақстан облысы - 70.
Жүктелуде...