Иманбек қымбат көлік сатып алды (ВИДЕО)

Иманбек қымбат көлік сатып алды (ВИДЕО)

Иманбек қымбат көлік сатып алды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Талантты жерлесіміз Иманбек өзінің ескі Priora-сын тастап, су жаңа спорткар сатып алды. Ол өз оқырмандарын тек жаңа көлігімен ғана емес, жаңа туындысымен де таңқалдырды, деп жазды turkystan.kz. Иманбек «Instagram» әлеуметтік желісіндегі парақшасында өмірінде болып жатқан соңғы жаңалығын жариялады. Атап айтқанда, ол жаңа Lamborghini спорткарының рөлінде отырып, заманауи музыканттармен бірге жазған жаңа әнінің үзіндісімен бөлісті.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Imanbek Musiс (@imanbekmusic)

Алайда, Иманбекті сынға ала жөнелетін желіқолданушылар да бар. Олар «Қауіпсіздік белбеуін тақпай ма?», «Ақшам болса, мен де жаңа машинаммен мақтанар едім», «Әйтеуір сәттілік серік болды, саған» деген секілді сөздерімен отандасымызды қағытып қалуда. Еске сала кетейік, Иманбек мінген спорттық көлік Қазақстан нарығында шамамен 120-130 миллион теңге тұрады.