Аудан әкімі қызын вакцина салдыруға өзі алып барды

Аудан әкімі қызын вакцина салдыруға өзі алып барды

Аудан әкімі қызын вакцина салдыруға өзі алып барды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы Жамбыл ауданының әкімі 16 желтоқсанда қызын вакцинациялаудан өткізді, деп хабарлады turkystan.kz ZhambylNews-ке сілтеме жасап. Нақты айтқанда, әкім Сәкен Арубаев бастаған мемлекеттік қызметшілер аудандық орталық емханаға ұл-қыздарымен келіп, коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында жасөспірімдерге салынып жатқан америкалық Pfizer вакцинасын ектірді. Аймақ басшысы бала денсаулығына ең бірінші ата-ана жауапты екенін айтады.
«Отбасында қызым Әминадан басқасы коронавирус індетінің алдын алу үшін вакцинациялаудан өткенбіз. Бүгін жергілікті емханаға келіп, вакцинация салу процесіне өзім куә болдым. Жарты сағат дәрігерлердің бақылауында болды. Ешқандай жайсыздық немесе ауыртпалық сезінбеді. Осы орайда, ата-ана қауымына бала келешегі мен өмірі, оның денсаулығына ең бірінші мына біз, яғни ата-аналар жауапты екенін айтқым келеді», – деді әкім.
Жамбыл аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұрмахан Мәуленовтің айтуынша, аймаққа жеткізілген 2 220 доза Pfizer екпесінің 1 711 дозасы салынған. Оның ішінде 12 - 17 жас аралағындағы жасөспірімдерге 1 255, жүкті әйелдерге 145, бала емізетін аналарға 311 доза егіліп отыр.