Гонконгтағы зәулім ғимарат өртенді

Гонконгтағы зәулім ғимарат өртенді

Гонконгтағы зәулім ғимарат өртенді
ашық дереккөзі
Гонконгтағы зәулім ғимаратта болған өрт кезінде үш жүзге жуық адам іште қалып қойған, деп хабарлады turkystan.kz. Өрт негізінен танымал сауда орталықтары орналасқан Causeway Bay аймағындағы Дүниежүзілік сауда орталығының ғимаратында таңертең басталған. 38 қабатты ғимаратта дүкендер де, кеңсе орталықтары да орналасқан. Тілсіз жау сөндірілді.  Қазір ғимараттың төменгі қабаттарында қалып қойған адамдар шығарылуда. Бір адамды күйік шалған. Ол ауруханада ем алып жатыр. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен дәрігерлер жұмыстарын жалғастыруда. Айта кетейік, өртті сөндіруге тікұшақтар да пайдаланылды.