Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан жеңілді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан жеңілді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан жеңілді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда футзалдан Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары екінші жолдастық кездесуін өткізді, деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстан құрамасы ойынды жақсы қарқында бастап, алғашқы алты минутта қарсыластың қақпасына үш гол соқты. Голдың авторлары - Біржан Оразов, Альберт Ақбалықов және Дуглас. Үзіліске дейін 3:0 есебі сақталды. Екінші таймда бас бапкер жас ойыншылардың алаңға шығуына мүмкіндік беріп, басымдықты ұстап тұра алмады. Ойын қарсыластың пайдасына шешілді - 4:6. Қазақстан - Өзбекстан - 4:6 (3:0) Голдар: Оразов 2, Ақбалықов 3, Дуглас 6, Кнауб 35 - Чориев 24, 28, Хамроев 27, Ропиев 28, Усманов 28, Элибаев 37.