Атырауда қаңғыбас иттер жасөспірімді талап тастады

Атырауда қаңғыбас иттер жасөспірімді талап тастады

Атырауда қаңғыбас иттер жасөспірімді талап тастады
ашық дереккөзі
Ит талаған жасөспірім кешкі сағат 19.50-де облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. 2008 жылы туған оқушының жағдайы ауыр, деп жазды turkystan.kz. Дәрігерлердің айтуынша, 13 жастағы қыздың сол жақ иығы, беті, маңдайы мен параорбитальді аймағы қатты жараланған.
«Науқастың екі иығының, білегінің, буындары мен санының терісі қатты жараланған. Қазір жағдайы тұрақты ауыр. Ол жансақтау бөлімінде ем алуда», – деп хабарланды Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ресми дерек бойынша, соңғы 11 айдың ішінде Атырауда жануарлардың шабуылына тап болған 380 бала облыстық балалар ауруханасына келіп түскен.