Қазақстан шет елдің темір жолын жөндеуге 300 млн доллар берді

Қазақстан шет елдің темір жолын жөндеуге 300 млн доллар берді

Қазақстан шет елдің темір жолын жөндеуге 300 млн доллар берді
ашық дереккөзі
Ел Үкіметі Пәкістанға Ханпур мен Котри қалалары арасындағы 860 шақырым темір жол желісін жөндеуге 300 млн АҚШ долларын құрайтын жеңілдетілген несие берді, деп жазды turkystan.kz. Бұл елдегі темір жол ұйымының төрағасы Хабибур Рехман Гиланидің айтуынша, Қазақстан бұл жобаны жүзеге асыруды ұсынған. Қазіргі уақытта ұсыныс қарастырылуда. Ұйым басшысы Қазақстанды дамыған ел деп атап, «General Electric» және «Transmashholding» бірлескен кәсіпорнының қызметін жоғары бағалады. Хабибур Рехман Гилани Қазақстанның Ауғанстан, Өзбекстан және Ресейдегі Карачи және Гвадар порттарына жету үшін темір жолдарды дамытуға мүдделі екенін атап айтты. Қазақстанның теңізге шығу мүмкіндігі жоқ. Дүниежүзілік сауданың 80%-дан астамы теңіз арқылы жүзеге асырылатыны белгілі. Теңіздегі елімізге ең жақын порттар Ресейде, Қытайда, Түркияда және Пәкістанда орналасқан. Алғашқы екі мемлекеттің өз мүддесі бар болса, ал Түркияға жолды түркі елдерінің бірігуін құптамайтын Иран жауып тұр. Талибан лаңкестік ұйымының билікке келуі және Ауғанстандағы тұрақсыз жағдай Пәкістанға кіруді шектеуде.