Мәскеудің солтүстігінде ер адам жекеменшік клиниканың тіс дәрігеріне пышақ сұғып алған, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл жайында Мәскеу прокуратурасы мәлімет таратты.
«Мәскеу прокуратурасы барлық мән-жайды анықтауды және тіс дәрігерін пышақтау фактісі бойынша процессуалдық шешім қабылдауды бақылайды», - деп жазылған хабарламада.Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Шабуыл жасаған 59 жастағы Мәскеу тұрғыны ұсталды. Енді адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалады.