Алматы перзентханасында 6 келі «Алпамыс» дүниеге келді

Алматы перзентханасында 6 келі «Алпамыс» дүниеге келді

Алматы перзентханасында 6 келі «Алпамыс» дүниеге келді
ашық дереккөзі
Алматы қаласында салмағы 6 келі 280 грамм, бойы 66 сантиметр нәресте дүниеге келді, деп хабарлады turkystan.kz. Кішкентай алып Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында кесар тілігімен дүниеге келген. «Тұңғыш баласын өмірге әкелген 20 жастағы ананың жағдайы қазір қанағаттанарлық. Сәби анасының қасында. Жаңа туған нәрестенің денсаулығы өте жақсы. Ол дәрігерлердің бақылауында», - деді орталық директоры Гүлнар Нұрланова. Оның айтуынша, бұл – Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында мұндай салмақпен туған алғашқы оқиға. «Бізде аналар үлкен салмақпен сәбилерді дүниеге әкеп жатады. Соңғы рет салмағы 5,8 келі нәресте дүниеге келген болатын. Бірақ біздің орталықта 6 келі 280 грамм бірінші рет болып отыр», - дейді орталық директоры.