Эвересті бағындырған Әуезова Елбасыға алғыс айтты

Эвересті бағындырған Әуезова Елбасыға алғыс айтты

Эвересті бағындырған Әуезова Елбасыға алғыс айтты
ашық дереккөзі
Кездесу барысында Мария Әуезова Елбасыға өзінің асқақ арманы – бионикалық протездерді сатып алуға көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы үшін алғысын білдірді. Өз кезегінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан, Гималай тау сілемдерінің ең биік шыңы – Эвересті бағындыруға бел буған спортшының табандылығын атап өтті.
«Кезінде мен Абай шыңын бағындырған едім. Мен мұның қаншалықты қиын екенін білемін. Сен Эверестке көтерілу арқылы табандылық таныттың. Жарайсың! Мұндай мысалдар әр адамды рухтандырып, жігерлендіреді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Анықтама: 2021 жылдың сәуір айында пауэрлифтингтен спорт шебері Мария Әуезова альпинистер тобымен бірге Эверест базалық лагеріне (5364 метр) және Кала-Патхар тауының (5640 метр) шыңына сәтті көтерілді. Эвересті аяқсыз бағындырған альпинистің бұл ерлігіне таңқалған Елбасы ҚХА-ның 29-сессиясы барысында оған протездер сатып алуға көмектесуге уәде берген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен аяғына бионикалық протездер орнатылған Мария Әуезова мамандардың бақылауымен бейімделу курсынан өтті.