Жағдайы қиындаған түріктер көшеге шықты

Жағдайы қиындаған түріктер көшеге шықты

Жағдайы қиындаған түріктер көшеге шықты
ашық дереккөзі
Стамбулда 5 мыңға жуық жұмысшы көшеге шығып, инфляция мен түрік лирасының құлауына наразылық білдірді. Талап – ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру, деп хабарлады turkystan.kz. Айта кетсек, биыл түрік лирасы долларға қатысты құнының 43 пайызын жоғалтқан. Қараша айында жарияланған ресми мәлімет бойынша, Түркиядағы инфляция 21 пайыздан асқан. Бірақ оппозиция бұл сандар аз деп санайды және экономиканың нақты жағдайы одан да нашар көрінеді. Наразылыққа шыққандардың айтуынша, табыстары пәтерақы мен коммуналдық қызметті төлеуге де жетпейді екен. Себебі жалақылары ең төменгі деңгейде.
«Ары қарай бұлай өмір сүре беруге болмайды. Біз өзгерістерді қалаймыз. Қазіргі үкімет отставкаға кетуі тиіс. Себебі, ол ақшаны өз қалтасына салып, халықты тонап отыр. Міне, осы себепті біз осындамыз», – дейді ашынған тұрғындардың бірі.