30 жылда миллионға жуық қандас азаматтық алды

Егемендік жылдары атамекенге оралған 1 миллион 90 мың қандастың 987 мыңы ел азаматтығын қабылдады, деп жазды turkystan.kz.

Статистикаға сенер болсақ, жыл басынан бері бұл көрсеткіш тағы 16900 мыңға толыққан. Азаматтардың басым бөлігі Өзбекстаннан, Қытайдан, Моңғолия және Ресейден келген. ҚР Ішкі істер министрлігі этникалық қазақтарға азаматтық беру тәртібін жеңілдету шараларын жалғастырып келеді. Мәселен, қазіргі уақытта атамекеніне қоныс аударушылар 1320 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем қабілеттігін растамайды. Сондай-ақ, өзге де жеңілдіктер қарастырылған.

ІІМ Көші-қон қызметі комитеті басқармасының аға инспекторы Лесбек Айдашевтің айтуынша, қазір барлық үш кезеңде бір уақытта қызмет көрсетіліп, жалпы азаматтық алу мерзімін қарау 6 айдан 3 айға дейін қысқартылды.

«Қазіргі уақытта осы мысал бойынша мүдделі органдармен бірлесіп бекітілген «Жол картасы» негізінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қандас куәлігін беруден бастап азаматтыққа қабылдауға дейінгі «бір терезе» қағидаты бойынша бірыңғай алгоритм енгізілуде», – дейді комитет өкілі.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button