БҒМ жергілікті биліктен оқушының 1 млн теңгесін өзіне қайтаруды сұрады

БҒМ жергілікті биліктен оқушының 1 млн теңгесін өзіне қайтаруды сұрады

БҒМ жергілікті биліктен оқушының 1 млн теңгесін өзіне қайтаруды сұрады
ашық дереккөзі
Маңғыстаулық 4-сынып оқушысының әрекетіне қатысты БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова өзінің Facebook-тегі парақшасына жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Маңғыстаулық 4-сынып оқушысы математика сабағында қолдануға арналған құрал жасап, өзінің білімі мен күш-жігерінің арқасында республикалық конкурста 1 миллион теңге ұтып алғаны қуантады. Дарынды балалардың әлеуетін көтермелеу, оларды қолдау өте маңызды. Оқушы жеңіп алған сыйақысын өзінің мектебіне интерактив тақтаны сатып алуға жұмсауға ниет білдіргені оның мейірімді жүрегі мен басқа да жағымды қасиеттерін көрсетеді. Бұл ретте интерактив тақтаны республикалық конкурста жеңіске жеткен оқушы емес, жергілікті атқарушы орган сатып алуы тиіс. Әрине, балалардың өз мектебін қолдауға және дамытуға деген ұмтылысын қолдау керек. Дегенмен, бұл ондай жағдай емес» деп жазды БҒМ өкілі.
Бұл ретте ол мектептерді заңнамалық тұрғыдан қаржыландыру әкімдіктердің құзырында екенін атап өтті. Айтуынша, жергілікті атқарушы органдар қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға бюджеттен қаржы бөліп отыр.
«Маңғыстау облысы әкімдігінің Білім басқармасына зияткерлік конкурста жеңген ақшаны оқушыға қайтару және жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен қажетті құрал-жабдық сатып алу ұсынылды», - дейді комитет басшысы.