Неке жайлы дәстүрімізге әлем ғалымдары таңғалып отыр

Неке жайлы дәстүрімізге әлем ғалымдары таңғалып отыр

Неке жайлы дәстүрімізге әлем ғалымдары таңғалып отыр
ашық дереккөзі

Қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлері бұзылмай, әрбір қазақтың бойында жаңғырып тұрса қандай керемет. Солардың бірі - гене­ти­калық заңдылық, яғни туыстар арасында некеге жол бермеу. Оның қай заманда енгізілгенін ешкім дөп басып айта алмайды. Баз бір деректер бойынша, туыстар арасында некеге жол бермеу заң­дылығы Жәнібек ханның тұсында қабылданды дейді.

Дәрігер ретінде қазақтың ертеден сақ­талып келе жатқан салт-дәстүріне сай халық медицинасы мен генетика ілі­міне негізделген «жеті атаңа дейін, яғ­ни туысқаныңмен некеге тұруға бол­майды» деген тұжырымды ерекше атап өтер едім. Соңғы аталған ұлт­тық заңдылық қай дәуірде енгі­зіл­генін ешкім дөп басып айта алмайды. Бірақ оның дұрыстығын қазір әлем­нің барша ғалымдары мойындап отыр. «Тек», «тектілік» деген сөзде үл­кен қасиет бар екенін ата-бабамыз жақ­­сы білген. Тектілік – адам бойын­да­ғ­ы асыл қасиеттердің бірі. Текті-лік – адамның ерекше қымбат қа­сиет­­терінің парасаттылықтың үлгісі ре­тінде ұрпақтан-ұрпаққа рухани сабақтастықпен берілуі. Сондықтан қыз алысып, қыз беріскенде қазақ әр­кез текті жермен құда болуға ты­рысқан. Мұның ғылыми негізіне үңіл­сек, болашақ ұрпақтың денінің сау болуы, парасатты болып қа­лып­тасуы көбінесе текке байланысты деп ұққанымыз жөн. Хакім Абай жеке тұлғаның қа­лып­­­тасуы барысында оның өскен ор­тасы мен ал­ған тәрбиесінен­ бұ­рын, қанындағы, тегіндегі қа­сиеттердің басымдық­қа ие бо­ла­ты­ны­на ерекше тоқ­талған. Абай секілді алып ой ие­сі­нің тамыры тобық­ты­ның ішін­дегі шынжыр балақ, шұбар төс тұ­қым еке­ні­не де кезінде көп көңіл бө­лінбегені рас. Өкінішке қарай, соңғы кезде АҚШ пен Еуропаның көптеген елінде ге­нетика заңдарына кері келетін не­келер көрініс беріп, адамдар ара­сында қан тазалығы жойылып бара­ды. Сөйтіп, ұрпақтың азғындауы орын алып, қызтекелер, «көгілдірлер» («голубые») және де басқа теріс қы­лық­тылар тобы көбейе түсті. Тіпті, қыз­дар қыздарға, ұлдар ұлдарға не­кеге тұрып жатқандары ешбір заң­ды­лыққа, адамгершілікке келмейді. Кей­бір қалаларда олардың қауым­дас­тығы құрылып, клубтар жұмыс іс­теуде. Таңғаларлық теріс қылық­тар­­ды, сюжеттерді, оқиғаларды, көрі­ністерді теледидардан көріп жа­ғаңды ұстайсың. Адамның тек­сіз­денуі, тіпті азғындауы емес пе, бұл? «Жаманнан жақсы туса – теңі бол­мас, жақсыдан жаман туса - емі бол­мас» дейді қазақ философиясы. Адам түгілі аң мен малдар арасында жа­қын қандасына жақындап, қосылып жат­қанды көрмейсің. Өмірде жылқы мен есек жақындасса, будандасса одан әрі еш тұқым бермейтін қашар туа­ды екен. Бұл дәлелдеуді қажет ет­пейтін аксиома емес пе? Адам әркез биік саналы болып, нағыз адам бо­лып қалуы парыз. Тұқымқуалаушылықтың заңды­лық­тары тұрғысынан алғанда туыс адам­дардың некелесуі өрескел қате. Се­бебі ондай адамдардың генотип­терін­де ұқсастық болады. Ал тұқым қуа­лайтын аурулар мен түрлі кеміс­тіктерді көбінесе рецессивті гендер анықтайтыны белгілі. Олар тек ре­цес­сивті гомозигота жағдайында ға­на білінеді. Туыстық некеде ондай мүмкіншілік мол болады. Сондықтан олардан туатын ұрпақта кемістік көп кездеседі. Керісінше, туыс емес ер­лі-зайыптыларда ондай жағдай өте сирек кездеседі және ұрпақтың тір­шілік қабілеті жоғары болады. Себебі олар көбіне гетерозиготалы жағдайда болатындықтан, Мендель заңына сәйкес ауру мен кемістікті анықтайтын рецессивті генді доми­нант­ты ген жеңіп кетеді. Біздің ата-бабаларымыздан келе жат­қан қалыптасқан дәстүр бойын­ша жеті атадан кейін ғана некелесуге рұқсат беріледі. Бұл біздің гендік қо­­­ры­­мыздың мол әрі мықты болуына әсер етеді. Сондықтан мұндай дәс­түр­­ді мүмкіндігінше сақтауымыз қа­жет. Осы күндері әлемнің генетик ға­­­лымдарын таңғалдырып отырға-ны – қазақтың ұлттық генетикаға бай­ла­нысты тарихи ұғымы. Балалары кембағал болып туып, әр­түрлі генетикалық ауруларға (ақыл-ойды таяздайтын оли­гоф­ре­ния ауруы, сан түрлі неврологиялық-жүйке аурулары, аяқ-қол кемістігі) тап болады. Сондықтан отбасын құ­ра­тын, әсіресе тегінде тұқым қуа­лай­тын кемістіктер бар адамдар ме­дициналық-генетикалық кеңес ал­ғаны жөн. Мұндай кеңес беретін ор­талықтар қазір Қазақстанның көп­теген қаласында бар. Ерте кезде Еу­ропа елдерінде өздерін «ақсүйек» са­найтын корольдер, патшалар мен им­ператорлар, князьдар мен графтар арасында өзара құда түсіп, бала­ла­рын үйлендіріп, қыздарын тұрмысқа бере­тін салт-дәстүр болғаны тарих­тан белгілі. Уақыт көрсеткендей, бір­те-бірте әлгілердің арасында сан түрлі тұқым қуалайтын аурулар кө­бейіп, қандары бұзылып, ауру-сыр­қау көбейген. Исландия мамандары әйелдер ара­сында жүргізген зерттеулерінің қоры­тындысы бойынша туыс болып келетін ағайындар арасында қыз алысудың нәтижесінде нәрестелер­дің дүниеге аз келетінін анықтаған. Есесіне, өзге жерден қыз алғандар баланы да, немерені де көбірек сүй­ген. Бұл дерек пен дәйектердің бар­лығы терең ойға жетелейді. Өйткені соңғы кездері кейбір зерттеушілер ағайынаралық некенің зияны жоқ­тығын айта бастады. Бұл – қате пікір. АҚШ-тың өзінде ағайындардың бір-бірінен қыз алып, қыз беруіне тыйым салынған. Ал 31 штат­та бұл мәселе заң арқылы шегеленіп қойыл­ған. АҚШ-тың Ұлттық гене­тик­тер қоғамының мамандары дү­ние­ге келетін өзге балалармен салыс­тырғанда, туыстар арасындағы бала­ларда сырқат 2-3 есе көп болатынын жасырмайды. Одан қала берсе, нашақорлар мен маскүнемдер, бұзақылар да осын­дай некеден көп тарайды. Осы­ның зардабын тартып жүрген көр­шілеріміз де бар. Мәселен, Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы жақын туыстар арасындағы некеге тыйым салатын және жас жұбай­лар­ды үйленбей тұрып, медициналық тек­серуден өтуге міндеттейтін заңға енгізілген түзетулерді бірауыздан ма­құлдағаны белгілі. Ол заң бойын­ша бөлесімен және жиендерімен не­­­кеге тұруға болмайды. Тәжікстан­ның Денсаулық сақтау министр­лі­гінің мәліметінше, кемтар балалар­дың шамамен 30-35 пайызы жақын туыстардың некесінен туғандар. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дей келе «Қашанғы жеті атаға жа­бысып отыра береміз?», «Бүй­рек­тен сирақ шығаруды қазақ қайдан алған? Неге біз сол ескі дәстүрге «жа­бы­сып қалғанбыз?», – деп қасиетті ұлт­тық дәстүрімізді жоққа шығар­ғысы келетіндер бар. Тіпті, баспа құрал­дарында да осы тектес сұрақ­тар көтеріліп, талқыға түсіп жатады. Әрине, олардың ғылымда түсінігі таяз­дықтан, яғни генетика заң­ды­лықтарына терең көңіл аударма­ған­дықтан болуы керек. Генофондты та­за сақтау, гендерлік мутацияның кері әсеріне шаруалары жоқтықтан болар, сірә. Иә, біздің дала өмірінде қанша аласапыран дәуір өтсе де туыс адам­дар бір-бірімен қарым-қатынаста үлкен әдептілік сақтаған. Жеңіл әзіл-қалжың құрдастар, жеңгелер мен балдыздарға арнап айтылса да әдеп­сіздікке жол бермеген. Тіпті, ойын-сауық кездерінде де туыс адам­дар бір-біріне анайы әзіл-оспақтар айт­­паған. Жалпы, халқымыз, әсіресе рулық сипаттағы қауымдастықтар туыстық қарым-қатынасқа айрықша мән берген, туысым-бауырым деп ерекше сыйлап, жақын тартқан. Өздерін туыс санап, бір отбасының мүшелеріндей сезінген. Сірә, осындай сана-сезім туыс адамдардың неке­лесуі­не жол бермеген. Уақыт өте келе ол мыз­ғымас салт-дәстүрге, заңдылық­қа айналған. 2019 жылы ақпан айында Өз­бек­станның Денсаулық сақтау ми­нистр­лігі ағайынды адамдардың бала­ларына үйленуге тыйым салуды ұсынды. Бұл ұсыныс қоғам тара­пы­нан қолдау тауып, Отбасы кодексінің 16-бабына өзгеріс енгізді, яғни қаны бір және немере бауырларға отбасын құруға рұқсат берілмейді. Қазақтың неке туралы жазыл­ма­ған заңдылығы қазір АҚШ, Жапония, біраз Еуропа елдерінің генетик-ға­лымдарын таңғалдырып отыр. Ар­найы зерттеу жұмысын жүргізгендері де баршылық. Сөйтіп, ерте заманнан ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа жал­ғасып келе жатқан неке заңды­лы­ғы басқа халықтарға да өнеге бо­лып отыр. Ойдан ой қуып, қазақ ге­не­тика заңдылығын қашан және қа­лай білген деп таңғаласың. Бұл – ата-бабаларымыздың тектілігінің та­ғы бір айғағы. Тектілік – ананың сүтімен, әке­нің қанымен келетін ерекше асыл қа­сиет. Генетик-ғалымдарымыз осы ба­ғытта ізденістер жүргізіп, болашақ ұрпағымыздың дендері сау, тектілік пен зерделілік қасиеттері жоғары болуына ерекше көңіл бөлуде. Әрине, бұл тек ғалымдарымыздың қолында тұрған іс емес, ол бізге, яғни көпші­лік­ке байланысты дүние.

Сағындық ОРДАБЕКОВ, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі