Басшылығын қысым көрсетті деп айыптаған судья сотталды

Басшылығын қысым көрсетті деп айыптаған судья сотталды

Басшылығын қысым көрсетті деп айыптаған судья сотталды
ашық дереккөзі

Қызылорда қаласының №2 қалалық сотында бұрынғы судья Гүлнұр Құрманбайға қатысты сот үкімі шықты, деп жазады turkystan.kz. Өткен жылдың соңында Шиелі аудандық сотының судьясы Гүлнұр Құрманбай сот төрағасы Марат Күздеубаевты өзін қудалап, пара алуға мәжбүрледі деп айыптаған болатын. Айтуынша, жыныстық қатынастан бас тартқан соң декреттік демалысқа шығуға мәжбүр болған.
«Марат Күздеубаев ұжымды маған қарсы қойды. Мен декреттік демалысқа шыққанда аяқталмаған сот істерім қалған. Сот төрағасы мен жоқ кезде кеңсеме заңсыз кіріп, менің атымнан менің электронды мөрімді пайдаланған. Қолтаңбамды қойып, осы істер бойынша үкім шығарған. Мен одан хабарсыз болдым», – деді Гүлнұр Құрманбаева.
Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің мамандары осы уақиғаға қатысты тексеріс жүргізген болатын. Бірақ пара алуға мәжбүрлеу фактісін тапқан жоқ.
«Тексеріс барысында мәжбүрлеу фактісі расталмады. 2020 жылдың  қараша айында судья Гүлнұр Құрманбай Судьялар одағының Қызылорда филиалының судья әдебі жөніндегі комиссиясына аудандық сот төрағасы Марат Күздеубаевтың әрекетіне шағым түсірді. 3 желтоқсанда Комиссияның шешімімен шағым бойынша іс жүргізу соңғысының Судья әдебі кодексіне қайшы келетін әрекеттерді жасағаны туралы дәлелдемелердің болмауына байланысты тоқтатылды», – деп хабарлады облыстық сот.
Кейіннен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Гүлнұр Құрманбайдың өзіне екі бап бойынша қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды. Сот барысында өз кінәсін мойындамаған Гүлнұр Құрманбай сотқа дейінгі тергеу заңсыз басталғанына сенімді.