Бокс 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына енген жоқ

Бокс 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына енген жоқ

Бокс 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына енген жоқ
ашық дереккөзі
Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы ойындар бағдарламасына енетін 28 спорт түрін жариялады. Алайда, бұл тізімде бокс, ауыр атлетика және қазіргі бессайыс жоқ, деп жазады turkystan.kz ҰОК-ке сілтеме жасап. ХОК атқарушы комитеті бокс, ауыр атлетика және қазіргі бессайыстың өтінішін қабылдау немесе кері қайтару туралы ойланатын болады. Бұл үшін соңғы жылдары дау-дамайдан басы босамай жүрген «АІВА» ұйымы қаржылық ашықтық бойынша жұмыстың жақсарғанын көрсетуі тиіс. Сондай-ақ төрешілерді тағайындауды дұрыс жолға қоюлары керек.
«IWF» допингпен күрес жөніндегі ұсыныстарды толық орындап, допингке қарсы бағдарламаның толық тәуелсіздігін дәлелдеуі тиіс. Ал «UIPM» атпен жарысуды алмастыратын жаңа бағдарламаны дайындап шығуы қажет», – деді Томас Бах.
Жоғарыда аталған спорт түрлерін жазғы Олимпиада бағдарламасында сақтап қалу мәселесі ХОК-тің 2023 жылғы сессиясында қаралады.