Әкімдікке барған мүгедек жігітті шығаруға 7 сақшы жұмылды (ВИДЕО)

Әкімдікке барған мүгедек жігітті шығаруға 7 сақшы жұмылды (ВИДЕО)

Әкімдікке барған мүгедек жігітті шығаруға 7 сақшы жұмылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Өскемен қалалық әкімдігіне шағым айтып келген мүгедекті күзетте отырған 7 полицей ғимараттан күштеп қуып шыққан. Видеокамераға түсіп қалған бұл жайтқа жұрт бейжай қарай алмады деп хабарлады turkystan.kz 31 арнаға сілтеме жасап. Бұл ретте жергілікті билік мүгедек жігіттің үйі жанындағы аялдаманы басқа жаққа көшіріп жіберген. Содан жүріп-тұруы қиындаған жігіт жергілікті әкімдікке бірнеше рет барып, аялдаманы орнына қоюды сұрапты. Соңғы барғанында ол ашумен есікті бүлдіріп, термометрді сындырған көрінеді. Сол сәтте өзінің ұялы телефоны да сынған. https://www.youtube.com/watch?v=Q-NEzUc3syw Сол себепті, полиция қызметкерлері оның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, ұсақ тәртіпсіздік және билік өкілдеріне бағынбау баптарымен жауапқа тартпақ. Енді аталған әрекеті сотта дәлелденсе, мүгедек жігіт 230 мың теңге айыппұл төлеуі немесе 20 тәулікке қамалуы мүмкін. Ал, әкімдік өкілдері аялдама проблемасы шешілгенше, жігітке демеушілік көмек ретінде 110 мың теңге беретін болып отыр.