Kcell-дің бұрынғы қаржы директоры жарты миллиард теңге жымқырған

Kcell-дің бұрынғы қаржы директоры жарты миллиард теңге жымқырған

Kcell-дің бұрынғы қаржы директоры жарты миллиард теңге жымқырған
ашық дереккөзі
Kcell Solutions ЖШС бұрынғы қаржы директоры 450 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлады turkystan.kz.  Kcell Solutions ЖШС-нің бұрынғы қаржы директорына қатысты жалған құжаттарды пайдалану арқылы жалпы сомасы 450 миллион теңге көлемінде компанияның сенiп тапсырылған мүлкiн аса ірі көлемде жымқыру дерегі бойынша іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚР ҚМ Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті жүргізіп жатыр.
«Тергеу кезінде компанияның бұрынғы қаржы директоры 2018 жылдың ақпан айы мен 2021 жылдың сәуір айы аралығында 258 миллион теңге ақшалай қаражатын 5 компанияның есепшотына алдын ала түзілген жалған келісімшарттар мен бухгалтерлік құжаттар негізінде және өзінің айлық есепшотына негізсіз 192 миллион теңгені аударып, нәтижесінде қолма-қол ақшаға айналдырып жымқырған», - делінген хабарламада.