«Қазақстанның жартысы ресейлік төлқұжатпен жүрер еді» - Калашников (ВИДЕО)

«Қазақстанның жартысы ресейлік төлқұжатпен жүрер еді» - Калашников (ВИДЕО)

«Қазақстанның жартысы ресейлік төлқұжатпен жүрер еді» - Калашников (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ресей Федерациясы үкіметінің шенеуніктері еңбек мигранттарының құқықтары туралы заң жобаларын дайындап жатыр. Бұл туралы Ресей мемлекеттік Думада депутат және ТМД істері жөніндегі комитеттің төрағасы Леонид Калашников мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. Осы орайда, ол жақында Донбас тұрғындарына Ресей азаматтығын алуды жеңілдететін заңдардың үлкен ықыласпен қабылданғанын еске салды. https://www.youtube.com/watch?v=4KABWTR3h5w
«Егер біз 90-жылдары ресейлік төлқұжат алу үшін өз елінің азаматтығынан бас тартудың пайдасыздығы туралы заңдарды қабылдағанда, бүгін Украинаның жартысы мен Қазақстанның жартысы ресейлік төлқұжатпен жүрер еді. Бірақ үкіметтің ұстанымына байланысты олай жасалмады», – дейді Ресей депутаты.