Медициналық сақтандыру туралы заң жобасы мақұлданды

Медициналық сақтандыру туралы заң жобасы мақұлданды

Медициналық сақтандыру туралы заң жобасы мақұлданды
ашық дереккөзі
Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін аударымдар мен жарналардың төлеу мерзімін өзгертуді, осыған байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің барлық процестерінің іске қосылуының мерзімін өзгертуді қарастырады. Осылайша, мемлекеттің Қорға аударатын жарнасының мерзімін 2017 жылғы 1 шілдеден 2018 жылдың 1 қаңтарына ауыстыру ұсынылып отыр. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын  жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, жеке тұлғалардың Қорға төлейтін аударымдары мен жарналарының мерзімін 2017 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 1 шілдеге ауыстыру жоспарланып отыр. Сонымен бірге, аталған заң жобасы интернат санатына жатпайтын орта білім беру ұйымдарындағы оқушыларға медициналық қызмет көрсетуді білім беру жүйесінен денсаулық сақтау, яғни, емханаларға беру бойынша «Білім туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуде.