Путин мен Байден бейнебайланыс арқылы келіссөз жүргізіп жатыр

Путин мен Байден бейнебайланыс арқылы келіссөз жүргізіп жатыр

Путин мен Байден бейнебайланыс арқылы келіссөз жүргізіп жатыр
ашық дереккөзі
Владимир Путин Америка Құрама Штаттарының президенті Джозеф Байденмен бейнебайланыс арқылы келіссөз жүргізуде, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Кремль баспасөз қызметінің хабарламасында айтылған. Олар Украина төңірегіндегі жағдайды, Ресей мен НАТО арасындағы қарым-қатынасты, стратегиялық тұрақтылық тақырыбын және екіжақты күн тәртібін, сондай-ақ, аймақтық қауіпсіздік мәселелерін, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды талқылайды деп жоспарланған. Айта кетейік, Байден Путинмен сөйлесер алдында еуропалық одақтастарымен келіссөздер жүргізді. АҚШ президенті Франция, Германия, Италия және Ұлыбритания басшыларымен Ресей мен Украина шекарасындағы жағдайды талқылаған еді.