Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов Қазақстандағы өзен арналарының батпақтануы мен қалың шөптің қаптауы бойынша ғарыштық мониторинг жүргізілгенін мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«2020-2021 жылғы ғарыштық мониторинг дерегі бойынша Іле, Жайық, Сырдария, Ертіс, Есіл, Шілік, Нұра, Сарысу, Тобыл, Ақсу, Аса және Шу өзені арнасында қалың шөп өскен 2 мың гектар жер анықталды. Сондай-ақ, аталған өзендердің 47,7 мың гектар аумағын батпақ басқан. Өз кезегімізде бұл ақпаратты тиісті шара қабылдау үшін құзырлы органдарға жібердік», - деді ол ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.