Мамин Мирзиёевті қол бұлғап шығарып салды

Мамин Мирзиёевті қол бұлғап шығарып салды

Мамин Мирзиёевті қол бұлғап шығарып салды
ашық дереккөзі
Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті Үкімет басшысы Асқар Мамин «қимастықпен» шығарып салды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ең алдымен Ақорда резиденциясында Қазақстан астанасына мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев шағын құрамда өткен мазмұнды кездесуден кейін екі елдің ресми делегациялары мүшелерінің қатысуымен келіссөзді кеңейтілген құрамда  жалғастырды. Президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде өзара тауар айналымын арттыру, инвестиция тарту және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік салалары бойынша кооперацияны дамыту мәселелеріне баса мән берді. Сондай-ақ су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды.

Шағын және кеңейтілген құрамда өткізілген екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша екі елдің басшылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен брифинг өткізді.

Президенттер Өзбекстан елшілігінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне де бірге барды. Олар салтанатты шарада лента қиған соң, елшіліктің жаңа ғимаратын аралап шықты. Бірнеше нысанды аралағаннан кейін Өзбекстан Президентін Асқар Мамин бастаған топ қимастықпен шығарып салғанға ұқсайды. Еске сала кетейік, бұған дейін қазақ-өзбек билігі сауда көлемін 10 миллиард долларға жеткізуге уағдаласқаны жайлы хабарлағанбыз.