Қылмыстық топтың құрамында он адам болған, деп хабарлады turkystan.kz. Қаржы мониторингі агенттігі Ақтөбе облысында букмекерлік кеңселердің атын жамылған 16 заңсыз ойын нүктелерін - электрондық казиноларды ұйымдастырған қылмыстық топтың ұсталғаны туралы мәлімдеді.
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері «бақылаушы-менеджерлер» (оператор-кассирлерді бақылау) және «ойын терминалдарын бақылаушы-менеджерлер» (ақшалай қаражаттарды инкассациялау) болып бөлінген. Барлық алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылды, - делінген хабарламада.Қылмыстық топтың барлық мүшелері түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.