Мұғалімдердің айлығы қысқарады деген қауесет рас па?

Мұғалімдердің айлығы қысқарады деген қауесет рас па?

Мұғалімдердің айлығы қысқарады деген қауесет рас па?
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілерде 1 қаңтардан бастап педагогтердің еңбекақысы қысқаратыны туралы ақпарат тараған болатын. ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл хабарды жоққа шығарды, деп хабарлады turkystan.kz. Әлеуметтік желіде тарап, жұрттың қызу талқысына түскен хабарламада жаңа жылдан бастап педагогтердің еңбекақысы қысқаратыны туралы жазылған. Сондай-ақ, хабарламада жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ бергені үшін 30%-ға тең қосымша төлемдер алынып тасталатыны айтылған. Демек, мұғалімдердің табысы 5% төмендейді. Ведомствоның баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиеваның айтуынша, бұл – жалған ақпарат.
«Жаңартылған білім беру мазмұны үшін қосымша ақы бұрынғыдай төленеді. Сонымен қатар, келесі жылдың қаңтар айынан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша педагогтардың еңбекақысы тағы 25% көтерілетінін еске саламыз. 2020 жылы педагогтардың еңбекақысы 25%, ал 2021 жылы тағы 25% өскенін атап айтқан жөн. Бұдан бөлек, Президенттің қолдауының арқасында біліктілік санаты үшін қосымша ақы 30-50%-ға дейін ұлғайтылды», – деп жазды «Facebook»-тағы жеке парақшасында Мөлдір Әбдуалиева.
Министрлік өкілінің айтуынша, мұғалімдерге дәптер тексеру және сынып жетекшілігі үшін үстемеақыны екі есеге арттырылғанын, сондай-ақ тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеу сынды жаңа санат пайда болған.
«Ел Президентінің тапсырмасы бойынша Білім және ғылым министрлігі педагогтардың еңбегін ынталандыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізуде. Барлық шаралар білім беру ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған. Педагогикалық бағыттар бойынша оқытудың тартымдылығын арттыру үшін осы мамандықтар бойынша білім алып жүрген студенттердің шәкіртақысы биыл қыркүйек айынан бастап 42 мың теңгеге дейін көтерілді. Желіде тараған қауесеттерге сеңбеңіздер», – деп ескертеді министрлік өкілі.
Демек, мұғалімдер қауымына алаңдаудың еш негіз жоқ.